«SOS» дабыл түймесі Нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұр

Қысқаша

«SOS» дабыл түймесі Нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұр

Шымкенттің бас полицейі мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне көз жеткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_8.jpg

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таевтің бастамасымен халық қалаулылары, яғни мәслихат депутаттары О.Жолдасбеков атындағы №9 ІT білім ордасындағы мектеп әкімшілігімен және оқушылармен кездесті. 

Кездесу барысында бас полицей мектептегі бейнебақылау камералары мен «SOS» дабыл түймесінің нақты уақыт режимінде жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. 

Сондай-ақ, мәжіліс залында оқушылармен және мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, балалардың қауіпсіздігі мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отырғанын жеткізді. Бұған қоса, қоғамдағы жастар арасында белең алған есірткі қылмысы туралы және оған қарсы атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы сөз қозғады. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алып жатқан, жол-көлік оқиғаларын да назардан тыс қалдырмады. Мемлекет басшысының  халыққа арнаған  Жолдауында айтылғандай, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасатынын, жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге қоғам болып жауапты екенімізді атап өтті. Сондай-ақ генерал-майор балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті. Жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан аулақ болуға, бос уақытын пайдалы өткізуге және өнер, білім мен спортқа жақын болуға шақырды.  Оқуда ерекше көзге түскен әрі белсенділік танытып жүрген оқушыларға арнайы алғысын білдіріп, оларды ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады. 

Өз кезегінде, мектеп оқушылары полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлына көкейдегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды. 

Жиын барысында мәслихат депутаттары да сөз алып, қала тұрғындарының үштен бірін жастар құрайтынын және олардың болашағы жарқын, келешегі кемел болуына тілектес екенін білдіріп, ағалық ақыл-кеңестерін айтты.  Сонымен бірге жуырда Шымкентте қоғамдық көмекшілер мен үздік сақшылар марапатталды. Қалалық полиция департаментінде өткізілген жедел жиынға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бір кісідей атсалысып жүрген, халық арасынан шыққан белсенді азаматтар мен марапатқа лайық бірқатар тұлғалар қатысты. Оның ішінде, жергілікті тұрғынның жеке құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды полиция арқылы иесіне қайтарған дүкен күзетшісі Владислав Ворошилов  бар.  Полиция генерал-майоры Думан Таев қоғамдық көмекшілерге шаһардағы тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хаттар табыс етті. Адалдығымен ерекше көзге түскен жас жігітке де алғыс хат пен қол сағат тарту етілді. 

Сондай-ақ, жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, автокөлікті масаң күйде басқарып, полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартқан азаматты ұстау кезінде, қауіп-қатерге қарамастан жедел әрекет еткен полиция инспекторлары Аманат Галиден, Данияр Мырзабек және Жанұр Шәріп марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін жергілікті азаматтар полицияның қиын да, қауырт қызметіне толғалай табыс тіледі.