Орман қорғау – ортақ міндет

Қысқаша

​Орманның адам мен биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сқатай отырып, су балансын тұрақтандырады.

5.jpgОрманның адам мен биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы  ылғалды сқатай отырып, су балансын тұрақтандырады. Орман өсімдіктердің жамылғысы мен жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орман аң-құстардың мекені, дәрілік өсімдіктердің панасы. Орман ауаны тазартады. Бір гектар орман бір күнде 180-200 килограмм оттегі шығарады.  Бұл шамамен мың адамның бір тәулікте шығаратын көмірқышқыл газына тең. Ал орманның жауы – адам факторы, өрт және қоршаған ортаның ластануы. Бір сөзбен айтқанда, ел азаматтарының денсаулығын қорғауға себеп болып отырған орманды қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік.  

Кең байтақ еліміздің аумағы үлкен болғанымен, Қазақстанның орман қоры шектеулі. Сондықтан,  аз ғана орман қорын сақтау – мемлекет үшін аса маңызды міндет. Еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 29,8 миллион  гектарды құрайды. Оның 6,8 миллион гектары Ауыл шаруашылығы министрлігінің иелігінде болса, қалған 22,7 миллион  гектар орман алқабы әкімдіктер қарауына берілген.

Табиғаттың сақталуы – келешек ұрпақтың қолында. Ал, жасыл орманның пайдалы қасиеттері айтпаса да белгілі. Сондықтан, Түркістан облысын жасыл желектендіру мақсатында жыл сайын елді мекендердің көшелері мен аулаларына ағаштар отырғызылып келеді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.  Ұлттық парк – орман күзету, қорғау шараларын ешуақытта тоқтамақ емес. Орманды  қорғау – ортақ  міндетіміз.