Табиғат аясында серуендеп, өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу – туризмнің дамып келе жатқан бір бағытының бірі. Әрине, мұндай өлкелер барлық жерде кездесе бермейді. Солардың бірі және бірегейі Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Табиғаты тамаша, флора мен фаунасы бай табиғи саябақта туристер үшін бірнеше бағытта марштруттар қарастырылған. Демалушыларға әсіресе, Сусіңген көлінің жағалауы ерекше әсер қалдырады.
Сусіңген көлі – Түркістан облысындағы ең ірі тау көлі және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің інжу-маржаны болып саналады. Көл теңіз деңгейінен 1900 м биіктікте Қаржантау жотасының оңтүстік жағында орналасқан. Өзен аумағы 3,5 мың ш.м. Уақыт сайын ол тез тартылады, осыдан «Сусіңген» атауы пайда болған. Көлдің солтүстігінен бастап Құлыншақ тауы мен Қыржылсай асуының арасындағы үлкен аумақта орналасқан (2610 м) көптеген бұлақтарды өзіне қосып Сусіңген өзені құлап ағады. Бұлақ суын екі бұлақ өзенінен: көлдің батыс және солтүстік жағасынан алуға болады. Сусіңген көлінен сіңген су Шымкент қаласындағы Қошқарата өзенінен және Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура бұлағынан бастау болып шығады.
Көлде дақты форель-осман балығы тіршілік етеді. Көлдің әсем көрінісін тамашалағысы келген туристер онда жаяу немесе атпен барады. Сондай-ақ демалушылар көлге шомылып, балық аулап және көлдің шығыс жағындағы көрікті жылғаларды кеңінен аралай алады.