Дарбаза - Алатаудың қақпасы

Қысқаша

сондықтан да Бақырауық деп аталған.

image.png

Дарбаза Алатауға кіретін қақпа секілді. Тауды әдейі қолдан қашап, ойып жасағандай. Сондықтан халық оны Дарбаза деп атап кеткен. Қырғыз Алатауының сілемдерінен басталып, жол-жөнекей мыңдаған жылға, бұлақтар қосылатын Балдыберек өзені осы Дарбаза арқылы кең далаға шығады. Дарбазадан ішке қарай ілгері көтерілгенде табиғаттың неше түрлі көріністері еріксіз тамсандырады. Қос қапталы жалаңаш, жалтыр құз. Табанында Балдыберек өзені буырқанып, долданып ағып жатыр. Аспанға қарасаң, төбеңе құз құлап кетердей әсер қалдырады. Екі құздың аралығы 12-15 метрдей, осылай екі-үш шақырымға созылады. Сәлден кейін биіктен еңіске еңкеңдеп, бақырып, улап-шулап, жолындағының бәрін жайпап, Бақырауық өзені құлап, Балдыберекке қосылады. Оның даусы құдды бақырған адамның даусына ұқсайды, сондықтан да Бақырауық деп аталған.

Содан әрі тау бірте-бірте жазықтана береді. Қарсы алдыңыздан алаңқай шығады. Оның ортасында көлемі 50-60 метрдей Көкжайлау көлі айнадай жарқырайды. Қысы-жазы көкпеңбек болып жататын көл маңында арша, қайың, тал-терек, долана, ұшқат, шетен, тобылғы, кәтреңкі өседі.

Жануарлар, өсімдіктер дүниесі өз алдына бөлек әңгіме. Ел 1930 жылдардан бұрын осында көшіп келіп, сары күзге дейін малын сонау Қырғыз Алатауы жағына апарып жайлаған. 1932 жылы бұл жер Ақсу–Жабағылы қорығының қарамағына берілген. 

Саяхат барысында осындай тамаша көріністі тамашалап, керемет фотосессия жасауға мүмкіндік бар. Ең бастысы, Дарбазаға келсеңіз жаныңыз рахаттанып, жүйкеңіз тынышталады. 

    A+
Уақыты: 2023-05-11  Айдарша: Өңір
TAG: