Тарихы терең Төлебиде ашық аспан астындағы мұражайлар бар

Қысқаша

сонымен қатар қыш өңдеу кәсібінің жақсы дамығанын айтады.

Screenshot_57.png

Тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін Төле би ауданында бүгінде тарихи, мәдени ескерткіштер көп-ақ. Ауданның туризм саласы қазіргі таңда тек демалыс орындары, сауықтыру кешендері мен ғана шектеліп қоймай сонымен қатар тарихи орындарға қызығушылардың тарапынан дамып отырғанын айта кетейік. Сырға, жұмбаққа толы тарихты, құнды жәдігерлердің құпиясына үңілуді ұнататын туристер үшін Төле би ауданында бірнеше нысанның "есігі ашық".  

Screenshot_58.png

Ақсу, Сайрамсу, Бадам, өзендері ағып өтетін Төле би жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігер мұраларымызға өте бай өлке. Аймақта 100-ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштер орны белгіленген. Тарихи деректерде Сақ дәуірінің қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай-ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар әулиелер мекенжайлары есепке алынған. Аудандық елді мекенде табылған мәдени ошақтар ашық аспан астындағы мұражайына айналып отыр.  

Өңірдің қазыналы аймағының біріне айналған Өгем шатқалы сұлу табиғатымен көрікті. Түлкібас, Төле би, Қазғұрт ауданын қамтитын мәдени орын Сайрам-Өгем  қазіргі мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Сұлу табиғаттың баурайында қола дәуіріне жататын тарихи-мәдениеттің желісі мен нақтылығы Сазан-Ата, Тоғытба, Сусіңген өзенінің жартасындағы таңбалы тас (петроглиф) суреттерде жатыр.  Оңтүстік Қазақстан жерінде Сайрам-Өгем ұлттық қорының аумағындағы жүргізілген археологиялық қазба іс-шарасында Қаңлы тайпасының мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылған. Осы өңірде 2016 жылы қазба жұмысын жүргізген Қазақстан археологі, тарих ғылымының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Александр Николаевич Подушкин бастаған топ Сайрам-Өгем өзенінің бойындағы «Үш бас төбе қалашығын»  ашты.

Screenshot_55.png

 Зерттеуші мамандар біздің дәуірге дейінгі ІІ ғасырды қамтитын қалашықта табылған жәдігерлер: тас диірмені, қыш құмыралар, тиындер, әртүрлі металлдан жасалған (орақ, жебе, шылбырлар) бұйымдар. Археологтың тұжырымдауынша қаңлы мемлекетінің мәдениетіне жататын бұл жәдігерлердің сипаты мал-егін шаруашылықпен айналысқанын, сонымен қатар қыш өңдеу кәсібінің жақсы дамығанын айтады.      

 Міне, осындай құнды тарихи жәдігерлер мен деректерге толы аймақтар ауданның туристік саласының дамуына өз үлесін қосып отыр. 

Screenshot_56.png

    A+
Уақыты: 2022-09-27  Айдарша: Өңір
TAG: