Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай. Әлемдік желінің пайдалы тұстары да өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғаламтордағы бұрыс ақпараттарды тұтынып жат ағымның жетегінде кетіп жатқандар да бар.
Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен Қ. Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі және Сызған ауыл округі жастар ісі жөніндегі әдіскері М.Маханбетовтың ұйымдастыруымен «Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамда патриот жастар қалыптастыру және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу және сонымен қатар оқушыларға әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білуді түсіндіру болды. Дөңгелек үстелге 20 оқушы қатысты. 1 сағат уақытқа жоспарланған дөңгелек үстелде оқушыларға дайындаған баяндама оқылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Біз ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?!» деген сұраққа өз ойларымен жауап берді. Қазіргі таңда ғаламтор пайдалану заман талабы және одан мәліметтер қолжетімді екенін оқушылар айтты. Бірақ кез-келген нәрсе екі ұшты болатындай зиян дүниелер де бар, біз керек дүниелерді алып жүрміз деп ойларын жеткізді. Оқушыларға бос уақыттарында кітап оқып, рухани азық жинаңыздар деп айтылды.