«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев үлкен ұлы жайлы құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz порталының тілшісі Астана каналындағы «Той думан» бағдарламасына сілтеме жасап.
Әнші жұбайы Айдана Мейірбековамен 2009 жылы отау құрады. Бүгінде қос жұп 4 баланы тәрбиелеп отырған, үлгілі отбасы қатарында. Жан-жарыма 99 пайыз сенемін, - дейді Ердос.
Сұхбат барысында үлкен ұлы Әбдурахимның мүгедек болып туылғанын жасыра алмады.
«Балам сынақпен келді, ауру болып туылды. Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Екеумізге де ауыр соққы болды. Қазір жасы тоғызда. Осы күнге дейін ешкімге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлым сынақпен келді. Ауруханаға мен үйдің арасында жүргенімізге тоғыз жыл болыпты», - дейді әнші.