Әлемдегі ең ұзын ағаш

Қысқаша

Бүгінде жер бетінде үш триллионнан астам ағаш өседі.

Гиперион.jpg

Ал, олардың арасында нағыз алыптары санаулы ғана. Соның бірі – биік Гиперион ағашы. Ол планетадағы ең ұзын ағаш болып саналады. Оның ұзындығы - 115 метр.

 

«Гиперион» ежелгі грек тілінен аударғанда «өте жоғары» деген мағынаны береді, яғни, ағаштың атауының өзі оның биіктігін дәлелдеп тұр. Оны алғаш рет 2006 жылы АҚШ-тың «Редвуд» ұлттық паркінен  америкалық зерттеушілер Крис Аткинс пен Майкл Тейлор байқаған. Олар гиперионды 38 қабаттық ғимаратпен сәйкес келетін, әлемдегі ең ұзын және сәнді ағаш деп бағалаған.  Алайда, бір өкініштісі гиперион ағашын бұдан әрі өсіру мүмкін емес. Себебі, бұтақ кесушілер оның өсім қабатын бұзған. Саябақта гиперионды баса алатын, чемпион болуға лайықты бірнеше секвоялар бар. Сондықтан, алдағы уақытта «гиперион» ағашының рекорды бұзылуы мүмкін.


Рейтинг газеті