Мектептерде интернет жылдамдығы жақсарды

Қысқаша

Мектептерде интернет жылдамдығы жақсарды

Шымкентте 147 мектепте интернет жылдамдығы көтерілді.  Бұл туралы  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі мәлім етті.

Screenshot_2.jpg

Қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторингтеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Осыған орай, қаладағы 143 білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді. Мониторингтеу нәтижесінде 135 мектебі «Қазақтелеком» АҚ-мен, 6 мектеп жеке компаниялар арқылы келісімшартқа отырғандығы анықталды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мектепте қайта конкурс жарияланған. 

Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде, білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және барлық мектептердегі интернетті 150 мб/сек тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды. 

Қазіргі таңда, орта білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізілді. Қаңтар-ақпан айларында конкурс нәтижесі анықталып, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған.

Айта кетерлігі қоғамдық орындарды тегін Wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, толық іске қосылды.

2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізіліп, Wi-fi нүктелері орнатылатын жерлер бектіліп, қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жүргізілді. 

Осы аталған 10 қоғамдық орындарға орнатылған «Wi-fi aimaq» модемдері толық іске қосылып, қаладағы қоғамдық орындардың тегін интернетпен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрады.

Сондай-ақ,  Шымкентте «Kcell» АҚ тарапынан 5-G технологиясымен 72 базалық станция, ал 4-G технологиясымен 61 станция орнатылды. 60 станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.