Елуге жуық қазақстандықты 40 ммллион теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.
Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Сондай-ақ қаскүнемдер белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. Сатып алу үшін қажетті кодтарды білгеннен кейін, олар дүкеннен тауар алып, қайта сатқан.
Олардың айла-амалдарына 45 азамат сеніп қалған. Үш айдың ішінде алаяқ қыздар Шымкент, Алматы, Астана және Түркістан облысының тұрғындарын 40 миллион теңгеден астам сомаға алдаған.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олардың бірі – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Жәбірленушілердің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, - деді Қаратау АПБ-ның тергеушісі Нұрислам Есенбеков.
Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін құқық қорғау органдары бейтаныс адамдарға сенбеуді, жеке мәліметтерін, банк карталарының нөмірлерін және кіру кодтарын ешкімге бермеуді
Жуырда олсыған ұқсас жағдай Шымкент қаласының Тұран ауданында болды. Полицияға осы жөнінде жергілікті тұрғын арызданған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам таңғы сағат 5-те такси шақырған. Ескі танысы болып шыққан жүргізуші мен жолаушы жол бойы бұрынғы кездерді еске алып, әңгіме-дүкен құрады. Жолаушыны белгіленген жеріне апарып тастаған таксист біраз уақыт өте ұялы телефонының жоқтығын байқап, полицияға шағымданған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктіні қала аумағында ұстады. Оның ұрлап алған смартфонындағы онлайн-банкингтен бар ақшаны алып, құмар ойынға тігіп жібергені анықталды.
Ескі танысының 217 мың теңге қаражатын құмар ойынға ұтылған азамат ары қарай дүкенге барып, сол банк қосымшасы арқылы бөліп төлеуге тауар сатып алған. Кейін құны 300 000 теңге тұратын гаджетті кездейсоқ сатып алушыға 20 мың теңгеге сатып жіберген.
Полицейлер осы іске қатысты барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Сотталушы кінәлі деп танылып, оған бір жарым жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.