Шымкентте жергілікті әскери басқару органдарында ер азаматтарды әскерге шақыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталық хабарлады.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы мен әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде.
Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мәліметінше, былтыр екі ауданнан 345 азамат Отан қорғауға аттанған. 2023 жылы әскери шақырылымға 310 азамат жөнелту жоспарланса, оның 307-і (Еңбекші – 213, Қаратау - 94) әскери борыштарын өтеуге аттанды. Ал Тұран ауданында 7 азамат әскерде борышын өтеуде.
Айта кетейік, сарбаздар бірінші кезекте Қарулы күштер, Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Ұлттық Ұлан қызметіне, Мемлекеттік Күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерге жіберіледі.