Шымкенттегі көп қабатты үйлердің инфрақұрылымын жаңарту қажет

Қысқаша

Шымкенттегі көп қабатты үйлердің инфрақұрылымын жаңарту қажет

Шымкентте ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС  қаладағы көпқабатты үйлерде өзін-өзі басқару органын құру және оның жұмысын жүйелеу, үйішілік тозығы жеткен инфрақұрылым мәселені шешу, коммуналды мәселелерді шешуге жауапты мүдделі органдардың өзара әрекеттесуі тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.

Screenshot_20.jpg

Кездесуге аудан әкімдіктерінің, Тұрғын үй инспекциясының, Әділет департаменті, Кәсіпкерлер палатасының, басқарушы компаниялар мен коммуналды қызмет түрлерін жеткізушілердің өкілдері қатысты.

«Қазіргі уақытта Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үй қорына қарасты 2343 үй бар. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарының мәліметінше, бұл үйлердің 1011-і 40-50 жыл бұрын салынған. Тиісінше, барлық ішкі инженерлік инфрақұрылым ескірген және қайта құру, жаңартуды қажет етеді. Бұл, әсіресе су және кәріз желілеріне, жертөле бөлмелері мен кіреберістердегі жылу желілеріне қатысты. Үйлердің ішкі жүйелерінің ескіруі, жылыту маусымына дер кезінде дайындалмағаны салдарынан 2023 жылдың қаңтарында көпқабатты үй тұрғындары қиындықтарға тап болды» деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман.

Жиында тұрғын үй қатынастары заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қаладағы көпқабатты үйлерде жүз пайыз өзін басқару органдарының құрылуын жүзеге тезірек асыру қажетті айтылды. Сондай-ақ өзін өзі басқару органдарының «Су ресурстары - Маркетнг» ЖШС-мен келісім шартқа отыру мәселесі сөз болды. Бұдан бөлек ішкі инженерлік желілердің қысқы мерзімге дайындау іс-шарасын бекітіп, іске асыру жөнінде мәселе көтерілді.

Жалпы тұрғын үйлерді ортақ басқару ұйымына көшіру мәселесі елімізде қабылданған тұрғын үй реформасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысы аталған бастаманы соңына дейін жеткізуге аса мән беріп отыр. Бұл ретте Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңейтілген отырысында былай деді: «Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де белсенді талқылануда. Меншік иелерінің бірлестігі институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілген жоқ. Меншік иелерінің бірлестігімен қатар пәтер иелерінің кооперативі де жұмыс істейді. Жалпы біз осы мүлік иелерінің бірлестігінің реформасымен өте қателестік. Бірақ қазір әкімдер Үкіметпен бірге бұл жағдайдан шығудың жолын табуы керек, өйткені жағдай өте маңызды. Мұндай жағдайда басты міндет – адамдарды сапалы және ашық қызметтермен қамтамасыз ету орындалмайды. Сонымен бірге бұл реформа жергілікті өзін өзі басқару жүйесінде бірінші кезеңді құруды көздейді. Сондықтан бұл тапсырманы тиісінше назарсыз қалдыру мүмкін емес. Мәслихаттар, Мәжіліс, Сенат болсын барлық деңгейдегі депутаттардың қолдауына және белсенді қатысуына үміттенемін. Менің ойымша бұл мәселені шешуге байыпты қарау керек. Жалпы тексерілген инфрақұрылымдық саясат қажет».

Басқаосуда көпқабатты үйлерді басқаруға алып, шаруашылықты реттемесе биылғы қыстағыдай су құбырлары қайтадан қатып қалып, тұрғындар ауыз сусыз қалып кетуі мүмкін екендігі ескертілді. Мәлімет бойынша 168 үйде жертөлелер аязға қарсы қымталмаған. 82 үйде жертөлелер мен кіреберістердегі орналасқан суөлшеуіш тораптарына жылытқыш материалдар қойылмаған. Өткен қысқы аязда 2 үйде суөлшеуіш құралының фильтірі қатып қалған, суөлшеуіш құралы жылытқыш материалы болмағандықтан жарылып кеткен.

««Дөңгелек үстел» мәжілісін өткізуіміздің себебі қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы мерзімге дайындау. Былтырғы жылы шаһарда қатты аяз кезінде 252 көпқабатты үйде сумен қамтамасыз ету жүйелері істен шықты. Оған себеп үйлердің кіреберістеріндегі есіктер мен терезелердің бекітілмеуі. Жертөлелердегі тесіктердің ашық-шашық болғанынан су құбырлары қатып қалды. Суөлшеуіш құралдары тораптарының жылытқыш материалдармен қамтылмағаны салдларынан жоғарыда аталған үйлер ауыз су мәселесінде біраз қиындық көрді. Барлық су құбырлары қатып қалғандықтар тұрғындары сумен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Жалпы ішкі инженерлік желілердегі су құбырларын тқрақты эксплуатациямен қамтамасыз ету "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мекемесінің міндетіне кірмейді. Ол міндет көпқабатты үйлердегі жалпыға бірдей мүлік құрылымдары яғни тұрғындардың өздерінің мойнындағы міндет. «Тұрғын қатынастары» заңына сәйкес көпөабатты үй тұрғындары  арнайы жекеменшік иелерінің бірлестігі деген ұйымды құрып, сол бойынша шоттар ашып қаржы жинап соған сәйкес барлық инженерлік желілерді қалыпты жағдайда жұмыс істеуін жүзеге асырады. Сол шотқа жиналған қаражатқа тұрғындар ішкі инженерлік жүйелерге ағымдағы және күрделі жқндеу жұмыстарын жасап отырады. Өкінішке қарай бүгінгі таңда қаладағы 2300 көпқабатты үй болса солардың тұрғын үй бірлестіктерін құрғаны 131 ғана. Бұл енді өте төмен пайыз. 5.7 пайызды ғана құрайды. Біздің мекеме тарапынан көпқабатты үйлердегі сумен қамтамасыз етуші жүйелердің үздік жұмыс істеуін жүзеге асыру үшін біз тұрғындармен келісімшартқа тұру жұмыстарын бастаған едік. Алайда тіркелген 131 үйдің ішінен бізбен келісімшартқа тұрғаны 34 ғана мүлік иелері бірлестігі нысаны болды. қалғандары әртүрлі себептермен бізбен келісімшарт жасасуға бас тартты. Кейбір үйлердің тұрғындары бұл жайдан мүлдем бейхабар болып шықты. Сайып келгенде мұның барлығы ертеңгі күні алдағы қысқы мерзімде көпқабатты үйлерде тұрақты сумен қамтамасыз ете алмай қалу қаупін тудырады. Былтырғыдай тағы да қатты аяз болса үйлерді сумен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалады. Сондықтан тұрғын үй инспекциясы және аудан әкімдіктері тұрғындармен бірлесіп қысқы маусымға дайындық жұмыстарын бірге атқарып шығулары керек. онсыз алдағы уақытта тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету жоғарыда айтқанымдай өте қиынға соғуы мүмкін» деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.

Өз кезегінде «дөңгелек үстел» мәжілісінде 600 үйдің темір құбырлары шірігені жөнінде әңгіме қозғалды. Сондықтан оларды жаңалау үшін бюджет тарапынан жобалау сметалық құжаттамыс әзірленуі керек. Сонымен бірге 1600 үй мүлік иелері бірлестігі ретінде әділет органынан тіркеуден өткен жоқ. Ішкі инженерлік жүйелерді қалпында ұстау үшін әрбір кондоминиум нысанында сервистік компаниялар болу керектігі айтылды. Бұл орайда Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев көпқабатты үйлерді қысқы аязға қарсы қымтау жұмыстары бойынша арнайы жоспар бекітілгенін мәлімдеді. Аталған аудандағы 926 үйге 16 сервистік компания қызмет көрсетеді екен. Осыған байланысты әкімдік тарапы олардан сығымдау және басқа да жөндеу жұмыстарының кестесін беруді талап етіп отыр.              

Дей тұрғанмен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне күн сайын ескі үлгідегі көпқабатты үйлерден авариялық жағдайлар туралы шағымдар түседі. Осылай жалғаса берсе, ескі көпқабатты үйлердің ішкі жүйелерінде ауқымды апат болып, жүйенің бұзылуы ғажап емес емес деген мәселе көтерді мекеме мамандары.

Апатты жағдайларды жою үшін тұрғындар әдетте, рұқсаты, сертификаты мен лицензиясы жоқ жеке адамдарды жұмысқа тартады. Мұндай жөндеулер уақытша ғана және проблемаларды түбегейлі шешпейді деді сумен жабдықтаушы мекеме мамандары.

Сондықтан үйішілік инженерлі инфрақұрылымның ескіру проблемаларын шешудің тиімді тетіктерінің бірі - өзін-өзі басқару органдарын (Мүліктің меншік иелері бірлестігі мен Жеке серіктестер) құру. Олардың көмегімен тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қаржы ресурстарын мақсатты және жоспарлы түрде пайдалана алады. Бірақ, қалада өзін-өзі басқару органдарын құру мәселесі толық шешілмеген. Әділет департаментінің мәліметінше, тек, жоғарыда айтлғандай, 131 көпқабатты үйде ғана Мүлік иелеренің бірлестігі құрылған. 

Сонымен «дөңгелек үстел» отырысы барысында мәселеге қатысты пікірталастар, ұсыныстар айтылып, нәтижесінде төмендегідей ұйғарымдар жасалды.

Тұрғын үй инспекциясы өз құзыреті шегінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, инженерлік желілері қанағаттанарлықсыз жағдайдағы және шұғыл жөндеуді қажет ететін үйлерге қатысты нақты шаралар қабылдауы тиіс.

Аудан әкімдіктері өз құзыреті шегінде алдағы қысқы маусымға үйішілік су құбырлары желілерін дайындау қажет. Кіреберістер мен жертөлелерді, су өлшегіш тораптарын оқшаулау, бақылау және оған мүмкіндік туғызу керек. Қажетті жағдайда су құбырлары мен желілерді ауыстыруға және жөндеуге ықпал ету маңызды. Ол үшін "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, қалалық бюджеттен ақша бөлінген жөн.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өз тарапынан келісім-шарт негізінде үйішілік су құбыры және кәріз желілеріне қызмет көрсету бойынша тиісті қызметті көрсетуге дайын.

Ә.ҚОНЫСБАЙ