20 миллион айыппұлы бар жүргізуші

Қысқаша

«Қорғау» бағдарламасы арқылы анықталды

Шымкенте тәртіп сақшылары 20 миллион теңгеге жуық қарызы бар әйел жүргізушіні анықтады. Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қорғау" бағдарламасы арқылы қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды.

Screenshot_10.jpg

BMW маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды. Темірлан тас жолында тұрған көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді. Жүргізушіге айыппұлдарды төлеу туралы ескертілді. Ал, темір тұлпар айыптұраққа қойылды. Иесі  оны қарыздарын толық төлеген соң ғана қайтарып алады. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша,  жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Ал мұның алдында  полицейлер Шымкентте көлік ішінде есірткі қабылдаған жолаушыны ұстады. 

Жедел басқару орталығының инспекторлары көлік қозғалысын нақты уақыт режимінде бейнекамералар арқылы бақылау кезінде, жолаушысы есірткі қолданып отырған көлікті байқады.

«Тойота Камри» көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген. Орталықтың  кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

Аталған жайтқа қатысты Қаратау АПБ-ның анықтаушылары ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сонымен бірге Шымкентте жол көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды 29 маусым түскі сағат 13:30 шамасында Тұран АПБ-ның 102 арнасына жергілікті тұрғындардан қоңырау түсті. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ жәшігін соғып, жауапкершіліктен жалтару мақсатында, оқиға орнынан кетіп қалғанын жеткізді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалды.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ- 3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ер адам, бүгін қала аумағында Патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталды. 

Аталған жайтқа қатысты, полицейлер ҚР ӘҚБтК 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа жеткізілді. Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.