Құқықбұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды

Қысқаша

Құқықбұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды

Шымкентте тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетті.  Шымкент қаласы Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, қарқынды жұмыс атқарып келеді. 

Screenshot_5.jpg

Мәселен, Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Гульвира Бектемисова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. Әйелге құқықтық көмек көрсетіліп, заңға енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы түсіндірілді. 

Келесі кезекте заңнамаға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқықбұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, ер адаммен отыз күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқықбұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.