Жоғалған бала иттің көмегімен табылды

Қысқаша

Жоғалған бала иттің көмегімен табылды

Шымкентте полиция итінің көмегімен  жоғалып кеткен екі баланы тапты. 30 мамыр күні Абай аудандық полиция басқармасының «102» арнасына 6 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Анасының айтуынша, оқушы қыз сабақтан кейін үйіне қайта оралмаған.

Screenshot_16.jpg

Хабарды алған Ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тез арада көрсетілген мекен-жайға аттанды. Полицейлер көршілерден, мұғалімдерден сұрастырып, мектеп аумағын және бейнебақылау камераларын мұқият тексерді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары қыздың қоғамдық автобусқа мініп, «Бекжан» базарының аялдамасында түскенін анықтады.

Іздеу жұмыстарына Рекс есімді қызметтік иті бар кинолог-инспектор жұмылдырылды. Ол киім иісінің көмегімен жоғалған жасөспірімді жарты сағаттың ішінде тауып алды. Анықталғандай, қыз анасының ауруханаға баратынын біліп, соңынан еруге бел буған.Табылған бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Айта кетейік, бір апта бұрын Рекс жоғалған 2 жастағы бүлдіршінді табуға көмектескен болатын. 

Неміс иті Шымкент қалаcы Полиция департаментінде бір жылдан астам қызмет етіп, тәртіп сақшыларының адал көмекшісіне айналған.