Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Салтанатты жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Ембергенова, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Б.Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Ғ.Ауғанов, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, «Қамқорлық» КҚ директоры А.Еркінова қатысты.
«Қалалық №2 оңалту орталығының негізгі қызметі балалар денсаулығын жақсарту, реабилитациялық шаралармен айналысу болып табылады. Аталған орталықтың ғимарат өткен жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай құрылған «Қазақстан халқына» қорының демеуімен мегаполисте ерте араласу бөлімшесі ашылып отыр. Орталықтың ашылуына «Samruk-Kazyna Trust» қоры да жәрдемін көрсетті. Ендеше осынау орталықтың ашылуына қолдау білдірген еліміздегі барша Қорға өзім мен ата-аналар атынан алғыс білдіреміз» деді Шымкент қаласының әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
Ерте араласу орталығы «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларымен бірге қолға алған «Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» қайырымдылық жобасы аясында ашылды. Шымкент қаласындағы ерте араласу орталығы – Қазақстан бойынша жоспарланған 13 орталықтың алғашқысы. Жобаның бюджеті – 1,6 млрд теңге. Бағдарлама мақсаты – дамуында ауытқулары бар және олардың пайда болу қаупі бар балалардың дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап табысты дамуы үшін жағдай жасау.
Жыл сайын дамуында кемістігі бар және олардың туындау қаупі бар 600 жас бала осы орталықта абилитациялық және оңалту көмегін алады, сондай-ақ диагностикалық аудиологиялық тексеруден және соңғы жабдықта мидың ЭЭГ-нен өте алады. Балалармен реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларынан, кәсіптік терапевттерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейтін болады.
Ерте араласу орталығы шала туылу, церебральды сал ауруы, Даун синдромы, туа біткен ақаулар, босану жарақаттары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, прогрессивті бұлшықет дистрофиясы және басқа даму ерекшеліктері сияқты диагноздары бар балаларды қабылдайды. Орталық жұмысының негізгі мақсаты – балалар арасында ерте мүгедектікке жол бермеу. Сондықтан бала өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті мамандардың жан-жақты көмек көрсетуі өте маңызды.
Жоба бастамашысы «Қамқорлық қоры» мамандарды оқытуды ұйымдастырды. «Қазақстан халқына» және «Samruk-Kazyna Trust» қорлары материалдық-техникалық жарақтандыруды бірлесе қаржыландырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жұмысын іске асыру мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асырады. Әкімдіктер инфрақұрылымды іріктеуді, орталықтарды жөндеуді қаржыландыруды, орталықтарда жұмыс істеу үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады.
Жыл сайын дамуында кемістігі және олардың туындау қаупі бар 600 сәби мұнда тегін оңалту көмегін алады. Сондай-ақ диагностикалық, аудиологиялық тексеруден және соңғы жабдықтағы мидың ЭЭГ-нен өтетін болады. өз кезегінде балалар реабилитолог-дәрігерлерден, неврологтардан, ЕДШ нұсқаушыларынан, кәсіптік терапевтерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс сапалы қызмет көрсетеді.
«Шымкенттегі «Қамқорлық» ерте араласу орталығы елімізде биыл ашылатын 13 орталықтың алғашқысы болып отыр. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да өңірлерінен ашатын боламыз. «Қазақстан халқына» қоры өз алдына мұндай орталықты аша алмас еді. Себебі, мұндай оңалту орталықты құру шаралары өте ауқымды. Бұл тұста орталықты ашуға мүмкіндік беріп, ғимарат ұсынып, құжаттық жағынан атсалысқан Шымкент қаласы әкімдігіне зор алғыс айтамыз. Сондай-ақ, осындай игі істің басы қасында жүріп, жұмыстың басым бөлігін өз жауапкершілігіне алған серіктесіміз «Қамқорлық Қорына» да алғысымыз шексіз. Еліміздің Үкіметі, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі түгелдей орталықтың іргесінің қалауына үлес қосты. Түптеп келгенде атқарылып жатқан барлық игі істің мақсаты біреу ғана ол еліміздегі ерекше балалардың денсаулығын жақсартуды деді «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
№2 Оңалту орталығының бас дәрігері Айгүл Сапарғалиеваның айтуынша "Қамқорлық" ерте араласу орталығы шала туылу, церебральды сал ауруы, Даун синдромы, туа біткен даму ақаулары, босану жарақаттары, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, үдемелі бұлшықет дистрофиясы және дамудың басқа да ерекшеліктері сияқты диагноздары бар балаларды қабылдайды. Орталық жұмысының негізгі мақсаты-балалар арасындағы мүгедектікке өту қаупін азайту. Сондықтан бала өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті кешенді көмек көрсету өте маңызды.
"Ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету жүйесін дамыту-бұл "Қамқорлық" бастамасы аясындағы стратегиялық міндет. Биыл осындай тағы 12 орталықтың ашылуы жоспарлануда. Барлық орталықтардың жалпы қамтылуы жыл сайын бүкіл ел бойынша 12000 баланы құрайды. Бұл ауқымды жобаның серіктестері ҚР Үкіметі, өңірлердің әкімдіктері, "Қазақстан халқына" қоры, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және "Samruk-Kazyna Trust" қоры," - деп бөлісті "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Осы ерекше күнге орай, елімізде алғаш болып Шымкент қаласында №8 балаларға арналған «Қамқорлық» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды.
Маңызды іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов және «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жамишев, "Самұрық-Қазына"АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров,«Қамқорлық Қоры» Корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтық жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдестіп, пікірлерін тыңдады.
Орталықтың психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі,мекеме іші Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген арнайы жиһаз жыйынтықтарымен жабдықталған. Мұнда, қызмет алушы балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық интеграциялық бөлмелері, ЕДШ залы, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған. Ал, «Қамқорлық» қоры мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде орталықтың 36 маманы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Айта кетейік, Орталықтың жобалық қуаты 110 балаға арналса, қазір 40-қа жуық бала ем алуда.
"Көптеген отбасылар үшін мамандардың білікті көмегі қол жетімді емес немесе тым қымбат. Бұл мәселе АСБ бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар арасында ең өткір мәселе ретінде көтеріледі. "Қамқорлық" орталықтарының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы маңызды әлеуметтік жобаны іске асыруда біздің қорды серіктестер: "Қазақстан халқына" және "Самұрық-Қазына" қорлары қолдап, орталықтарды жарақтандыруды қаржыландырды. Биыл өңірлерде тағы 7 осындай орталық ашу жоспарлануда: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары", - дейді "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының директоры А.Еркінова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, Шымкентте АСБ бар 220-дан астам бала тіркелген. Аутизм, ең алдымен, әлеуметтік өзара әрекеттесу тұрғысынан қиындықтармен, оқытудың ерекше тәсілдеріне қажеттілікпен сипатталады.
«Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самырұқ Қазына» АҚ және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Жалпы елімізде осындай 8 орталық өз жұмысын бастайды. Алғаш болып Шымкент қаласында ашылып отыр. Осы орталықта 1,5-18 жасқа дейінгі балалар күніне 4 сағат ақысыз қызмет алады.
Ә.ҚОНЫСБАЙ