Қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлік саясатты жетілдіру міндеттері белгіленгенін, ендігі кезекте бірлесе жұмыс атқару қажет екенін атап өтті.
Жалын тұрғын алабы Шымкент аумағына Сайрам ауданынан қосылған елдімекендердің бірі. Мұнда қазір 3 жарым мыңнан астам тұрғын тұрып жатыр. Шет елдімекендердің инфрақұрылы мен тұрғындарының сапалы өмір сүруі - қала әкімінің тікелей назарында.
Өзінің қорытынды сөзінде шаһар басшысы Президент белгілеген жұмысты өз деңгейінде атқаруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, бұл міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
2020 жылы 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді.