30 жылдыққа 5 жоба

Қысқаша

Басқарма басшысының айтуыншы ағымлдағы жылы жалпы құны 152,6 млрд теңге 63 инвестициялық жобаны (2,5 мың жаңа жұмыс орны) іске асыру жоспарланған. Бүгінде 63 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып отыр.

Screenshot_13.png

Шымкент - еліміздегі ең "кәрі" әрі "жас" қалалардың бірі. 2200 жылдан астам тарихы бар көне Шымқаланың 2018 жылы үшінші мегаполис атануы шаһарды "жасартып" жібергені рас. Шымкент бұл статусты миллион халқы үшін ғана емес әлеуметі, экономикасы ұарыштап дамып келе жатқандықтан да иеленді. Бүгінгі таңда үшінші мегаполис инвесторлар үшін тартымды қалаға айналды. 

Айталық биылғы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 325,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,2 %-ға артып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков инстаграм парақшасында тікелей эфирде халыққа баяндап берді. 

 Басқарма басшысының айтуыншы ағымлдағы жылы жалпы құны 152,6 млрд теңге 63 инвестициялық жобаны (2,5 мың жаңа жұмыс орны) іске асыру жоспарланған. Бүгінде 63 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып отыр.

Жалпы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биылғы жылы қала аумағында 14 млрд теңгеге 8 жоба іске қосылып, онда 450-ден астам жұмыс орны құрылған. Б.Дүйсебеков эфир барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 1,3 млрд теңгеге тағы 5 жоба (115 жаңа жұмыс орны) іске қосылатынын хабарлады. 

Сонымен қатар, биыл «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7 804,4 млн теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілген. Ал «Мен кәсіпкер боламын» әйелдер мен жастар кәсіпкерлігі бойынша 10,0 млн теңгеге дейін 1%-дық шағын несиелер беру қарастырылған.  Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн теңге қаржы бөлінген. 


    A+
Уақыты: 2021-11-22  Айдарша: Өңір
TAG: