Жалынға жағдай жасалуда

Қысқаша

Жалын тұрғын алабы Шымкент аумағына Сайрам ауданынан қосылған елдімекендердің бірі. Мұнда қазір 3 жарым мыңнан астам тұрғын тұрып жатыр. Шет елдімекендердің инфрақұрылы мен тұрғындарының сапалы өмір сүруі - қала әкімінің тікелей назарында.

Screenshot_48.png

Шымкентте шалғай шағынаудандарды абаттандырып, халыққа қолайлы жағдай жасауға ден қойылып отыр. Қала аумағына кейіннен енген елдімекендерге газ, су жүйелері тартылып, электр желілері жаңартылуда. Қаладағы Жалын тұрғын алабы да биыл көркейіп келеді. Мұнда 40 жылдан бері қолданыста болған апатты көпір қалпына келтірілді. Апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін өткел қайта құрылып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді. Әне-міне қирағалы тұрған көпірден тұрғындар жанды шүбереккке түйіп әрең өтетін едік дейді. Одан бөлек көшелер жөнделіп, жарық желілері ауыстырылуда. 

Жалындықтар жылдар бойына  жекенің меншігіндегі жарықпен күнелтіп келеді. Қазір көшелерде электр желілері жаңалануда.  Үп еткен желден сыр беретін жүйелер түгелдей  ауыстырылып жатыр. Жиі электр қуатынан ажыратылып қалатын тұрғындар құрылыс жұмыстарына қарқын берген билік өкілдеріне дән риза.

Жалындықтар биыл жолға да жарып қалдық дейді.  Бір жылдың ішінде 6 көше асфальттеліп халыққа жайлы жағдай жасалуда. Кедір-бұдыр тас жолдан қиналған жұртшылық тақтайдай тегіс жолға биыл ғана әрең жеттік дейді.  Билік өкілдері бұл бағыттағы жұмыстарды  алдағы уақытта да жалғастырамыз дейді.

Жалын тұрғын алабы Шымкент аумағына Сайрам ауданынан қосылған елдімекендердің бірі. Мұнда қазір 3 жарым мыңнан астам тұрғын  тұрып жатыр.  Шет елдімекендердің инфрақұрылы мен  тұрғындарының сапалы өмір сүруі - қала  әкімінің тікелей назарында.


    A+
Уақыты: 2021-09-03  Айдарша: Өңір
TAG: