Сауран ауданында 500 оқушы жаңа мектепке барды

Қысқаша

Сауран ауданында 500 оқушы жаңа мектепке барды



Түркістан облысында жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 44 жаңа мектептің 15-і бүгін – білім күні мерекесінде ел игілігіне пайдалануға берілді. Солардың бірі – Сауран ауданындағы жаңа Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елдімекенінде орналасқан №13 жалпы орта мектеп. 500 оқушыға арналған білім ұясында 30 мұғалім дәріс береді. 

image.png

Заманауи үлгіде салынған үш қабатты білім ордасында үлкен спортзал бар. 100 орынды қамтитын асхана қарастырылған. Дәрігер бөлмесі жұмыс істейді. Жаңа оқу жылы Түркістан облысында 900-ден астам мектепте 500-мыңнан астам бала білім алады. 

Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынып жатыр. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынды. Биылға жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Соның ішіндегі 44 мектеп бюджет қаржысына, үшеуі жеке инвестиция есебінен салынады. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 

Биылғы, жаңа оқу жылында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 516 мың 740 оқушы оқиды деп күтілуде. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Биылдан бастап 1 сынып оқушылары «Әліппе» оқулығымен сауат ашса, оқушыларға мектепке бірдей форма киіп бару міндеттелмейді. Мектеп киімі ыңғайлы іскерлі, классикалық стильде болса болғаны. Ал, Түркістан облысында 2021-2022 жаңа оқу жылында 47 мың 266 бала бірінші сыныпқа барады. 

    A+
Уақыты: 2021-09-01  Айдарша: Өңір
TAG: