Денсаулық баға жетпес байлық

Қысқаша

Денсаулық баға жетпес байлық

29.jpg

Медицина қызметкерлерінң күніне орай Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

«Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық»-демекші, әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігер мамандығы екені сөзсіз. Оларды “ақ халатты абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр азаматтың борышы деп білемін.  Соңғы жылдары бүкіл әлем жайлаған індет елімізді де айналып өтпеді. Жаман індетпен ел болып күрестік. Дегенмен, алғы шепте жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Оны халық біледі, бағалайды. Бүгінгі күннің батырлары десек, артық айпағанымыз болар.  Барша медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен тағыда құттықтай отырып, бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілеймін!-делінген аудан әкімінің құттықтау хатында. 

Дәрігерлердің төл мерекесі облыс, республика көлемінде де кеңінен атап өтілді.  Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы  өңір медицинасын биік деңгейге көтеріп, алдына ем іздеп келген науқастарға  сапалы қызмет көрсеткен, өз саласының нағыз маманы-ақ халаттыларға марапаттар табыс етті. Олардың ішінде Түлкібас ауданының қызметкерлері де бар.    



    A+
Уақыты: 2021-06-19  Айдарша: Өңір
TAG: