718 кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде

Қысқаша

Басқарма басшысы негізгі жұмыс бағыттары – өнеркәсіпті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту және бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстардың барысына тоқталып өтті.

Screenshot_12.png

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков @akimat_shymkent инстаграм парақшасындағы тікелей эфирде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Басқарма басшысы негізгі жұмыс бағыттары – өнеркәсіпті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту және бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстардың барысына тоқталып өтті. 

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан қайтарымсыз гранттар беру, мемлекеттік қолдау шаралары бағытында, жалпы 40-қа жуық сауалдар қойылды. Б.Дүйсебеков барлық сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. 

Қалада биылғы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде: оның  26 ірі және 44 орта кәсіпорындар. Аталған кәсіпорындар қала экономикасы мен кәсібін дамытып қана қоймай, сонымен қатар 32,3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, елдегі жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне де үлес қосуда. 

Басқарма басшысының айтуынша өнеркәсіп өнімінің көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 632,5 млрд теңгені құрап,былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9 млрд теңгеге артты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 710,0 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Өңдеу өнеркәсібінде жиһаз өндіру (124,6 %), химия өнеркәсібі (131,9 %), машина жасау (159,8 %), дайын металл бұйымдарын өндіру (127,0 %), негізгі фармацевтикалық өнімдер (102,5 %), сусындар өндіру (111,0 %), мұнай өңдеу өнімдері (106,8%) салаларында өнім көлемі артқан. 


    A+
Уақыты: 2021-11-22  Айдарша: Өңір
TAG: