Жолдау даму бағытымызды айқындап берді

Қысқаша

Жолдау даму бағытымызды айқындап берді

9.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған  «Халтық бірлігі және жүйелі реформалар–ел өркендеуінің  берік негізі» атты кезекті Жолдауы еліміздегі барлық саланың жай-күйін, оның даму бағытын қамтыды,-дейді Сарыағаш ауданы  балалар кітапханасының меңгерушісі Кенжегүл Балғымбаева. 

-Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру арқылы, мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болатынын атап көрсетті. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет екендігін айтты. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқтығын, Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде екенін жеткізді. Пандемияның алдын алатын тек вакцина екенін айтып өтті. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеуді ескертті. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын өз көзімізбен көріп отырмыз. 

Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Сонымен бірге, жағымды жаңалықтың бірі, оқушылар арасындағы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, яғни дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беретінін білдірді. Бір реттік ақшалай сыйақы да төленеді. 

2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін деп атап көрсетті. Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керектігін ескертті.

Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешуіміз керек екенін, сонымен қатар Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс екенін тапсырды. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн деді. 

Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс деп атап көрсетті.

Тағы бір қуанарлық жағдай яғни мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер жалақысын 2022-2025 жылға дейін әр жылы 20% көтеріліп отыратыны айтты. Біз жолауды қолдаймыз және қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосамыз.


    A+
Уақыты: 2021-09-03  Айдарша: Өңір
TAG: