«Іскер қала» жобасы кәсіпкерлікке демеу болуда

Қысқаша

Айта кетейік, жалпы қалада ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде: 26 ірі және 44 орта кәсіпорындар. Онда 32,3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Screenshot_15.png

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков @akimat_shymkent инстаграм парақшасындағы тікелей эфирде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген болатын. Тікелей эфирде басқарма басшысы "Іскер қала" жобасы туралы да баяндады. 

"Қалада кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен "Іскер қала" іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Аталған  іс-шаралар жоспары шеңберіенде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген шағын несиелер, кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңдарын жалға алудағы шығыстарын өтеу, сауда нүктелерін ұсыну, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру сияқты тетіктері қарастырылған. Бұндай іс-шаралар бизнесті еліміздің толыққанды салық төлеушілері бола алатын мыңдаған қызметкерлерді "көлеңкеден шығаруға" ынталандырады және өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді",- деді Береке Талғатұлы.

Айта кетейік, жалпы қалада ағымдағы  жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде: 26 ірі және 44 орта кәсіпорындар. Онда 32,3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 632,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9 млрд теңгеге артты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 710,0 млрд теңгеге жетеді деп болжануда. 


    A+
Уақыты: 2021-11-22  Айдарша: Өңір
TAG: