Түркістан облысында екі мың шақырым жол жөнделеді

Қысқаша

Түркістан облысында екі мың шақырым жол жөнделеді



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел бірлігінің берік негізі» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында осы жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін Түркістан облысында 79 пайыздан 87 пайызға арттыру көзделуде. Облыс бойынша келер жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалуы туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. 

Screenshot_13.jpg

Биылғы автомобиль жолдары саласын дамытуға бөлінген қаржыға Түркістан облысында 600-ден астам нысан, не 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелер қамтылған. Оның жартысына жуығы жергілікті маңызы бар жолдарға, яғни облыстық, аудандық және елді мекен көшелерін жаңартуға бағытталған. 

Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарында ұзындығы 50 шақырымды құрайтын жолдар күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Одан бөлек, осы аудандарда Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен жалпы ұзындығы 180 шақырымнан асатын 11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жол бетін өңдеу әдісімен жөндеуден өткізілуде. Жақын күндіреді бұл жолдар толықтай пайдалануға беріледі. 

Биыл Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар, Арыс-Шардара бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жұмыстары аяқталуға таяп қалды. 

    A+
Уақыты: 2021-09-06  Айдарша: Өңір
TAG: