Көмірден бензин шығаратын кәсіпорын

Қысқаша

Көмірден бензин шығаратын кәсіпорын

241390298_1664026800474016_4723255885479181759_n.jpg

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданына жасаған сапары барысында бірқатар шаруашылықтарда және өндіріс орындарында болып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жалпы Ордабасы ауданында бүгінде көптеген өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобалар жүзеге асуда. Бұлардың ішінде республикада алғаш рет ашылып отырған зауыттар да бар. Өңір басшысы осындай тың кәсіпорындардың бірі  «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия комбинатында болды. 

Бензин мен жанармай қайта өңделіп қана қоймай, мұнай-химия өнімдерін шығару үшін мұнайды терең өңдеумен айналысатын кәсіпорын саладағы ең соңғы технологияларды өндіріске тиімді пайдалана білген. Зауыт мамандары көмірден бензин өндіру технологиясын ойлап тапқан. Бүгінде кәсіпорынның өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында өндіріліп, ТМД нарығына экспорттау көзделуде. Аталған өңдеу өнеркәсіп жылына 2 миллион тонна шикізат өндеуді көздеп отыр. Ресей және Қытай технологиясымен жабдықталған қондырғылар орнатылған жобаның жалпы құны 240 миллион АҚШ долларды (95,0 миллиард теңге) құрайды. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 961 миллион теңгеге 14,2 шақырымға темір жол және 298 миллион теңге қаржыға су құбыры тартылуда.


    A+
Уақыты: 2021-09-05  Айдарша: Өңір
TAG: