Түркістан облысында жіп өндіретін ең ірі зауыт жұмыс істейді

Қысқаша

Түркістан облысында жіп өндіретін ең ірі зауыт жұмыс істейді



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел бірлігінің берік негізі» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынған Төрткүл ауылдық округінің орталығында бой көтерген ірі спорттық кешеннің құрылысы аяқталуға жақын.  

Screenshot_11.jpg

Биыл тоғыз жолдың торабында орналасқан Төрткүл ауылдық округінде табиғи газ, орталықтандырылған ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Жолдар жөнделіп, ескірген жарық жүйелері жаңартылады.  Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке Ордабасы ауданының әкімі Балған Батыршаев баяндады.  

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бадам ауылдық округінде салынып жатқан 200 орындық мектептің құрылыс алаңында болды. Келер жылы Ордабасы ауданында тағы 6 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында аудандағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. 

Республикамызда алғаш рет қолға алынған химиялық талшықтар мен маталардың алуан түрін өндіруде қолданылатын әртүрлі жіптер шығаратын ең ірі «Green Technology Industries» зауыттың өндіріс алаңында болды. Мұнда халықаралық стандарттарға сай сапалы өнім шығарылады. Кәсіпорын талшық түрлері мен микро талшықты силикондалған микрофибр жобаның тиімділігі шетелдік инвесторлар мен капиталды тарту арқылы «Жасыл технологияларды» өндірісте кәдеге жарату. Полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеуге және өндірістік циклге қайтаруға мүмкіндік беретін қайта өңдеу жүйесі нарықтың полиэфир талшықтарына деген сұранысын орындау барысында 200 жаңа жұмыс орны ашылды. 

    A+
Уақыты: 2021-09-03  Айдарша: Өңір
TAG: