Шымкент қаласының тұрғындары мен қалаға келуші қонақтарға жайлы жағдай жасау мақсатында туризмді дамыту бағдарламасы аясында бірқатар істер қолға алынған. Соның бірі - Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тарапынан іске асқан қаланың ірі көшелерінің қиылысы мен туристік нысандарында орнатылған ақпараттық навигациялық стеллалар.
Стелла - аумаққа жақын орналасқан мәдени орындар, тамақтану және қонақ үйлер, демалыс аймағы туралы жан-жақты мағлұмат беретін ақпараттық тақтайша. Бұл стелла көмегімен уақытты тиімді пайдалануға және қалаға алғаш келушілер болса қала нысандарымен жылдам танысып алуына мүмкіндік бар. Жалпы, шаһарда туристердің болу жайлылығын қамтамасыз ету және ақпараттық қолжетімділікті арттыру аясында 33 туристік нысанда QR-төлқұжаттар, көрікті орындарға бағыттайтын 29 навигациялық стелла орналастырылған. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат берілген.
Мамандар стеллада орнатылған бейнекамералар арқылы бұзақылық жасаған азаматтар анықталған жағдайда Заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескеруде. Былтыр ТМД елдерінің «Мәдени астанасы» болған Шымкент қаласы - біздің ортақ үйіміз! Біздің мақсат – туған жерде жүзеге асқан әр дүниені бағалау және ұтымды пайдалану дейді сала басшылары.