Бірлік пен татулық үлгісін сақтау басты назарда

Қысқаша

Бірлік пен татулық үлгісін сақтау басты назарда

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХII сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алда атқарылатын жұмыстарда бес негізгі басымдыққа мән беруді ұсынған болатын. Бұл орайда облыстық Ассамблея, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындары, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдары бірлесе, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды іске асыруды көздеп отыр. 

Screenshot_15.jpg

Өңірде жылдар бойы қалыптасқан этносаралық бірлік пен татулық үлгісін сақтау басты назарда. Бүгінде облыста Ассамблея жанындағы 11 этномәдени бірлестік,  Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері елеулі мәселелерді талқылаудың, сындарлы шешімдер қабылдаудың әмбебап диалог алаңына айналған. Мысалы, облыстық Ассамблеяның қатысуымен этносаралық татулық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау мақсатында 150-ден астам іс-шара өткізіліп, 15 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан. Сонымен қатар, бүгінде «Серпін», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Жас кәсіпкер», «Бизнес бастау», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары, жаңа бизнес-идеялар үшін гранттар беру, жеңілдетілген шағын несие үлестіру, колледждерге бөлінген гранттарға этнос өкілдерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қоғамда этнос өкілдерінің этникалық шығу тегіне, діни ұстанымы мен әлеуметтік мәртебесіне  орай оларды ешкім кемсітпеуі тиіс. Осы тұрғыда әрбір азамат өзі жасаған әрекетіне заңмен жауап беріп, оның құқықтық салдары қандай болатынын нақты түсінуі керек. Осы тұрғыда Ассамблея халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу, мемлекеттік органдардың жұмысына инновациялық әдістерді енгізу, қоғамдық құрылымдары және этномәдени бірлестіктерінің әсіресе жергілікті жерлерде әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды деп есептейді. 

Айта кетелік, бүгінде облыста мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжат айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілуде. Өңірде мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 95 пайызды құрайды. Ал этнос өкілдерінің арасында қазақ тілін меңгергендердің саны 74 пайызға жеткен. Облыста 17 тілдерді оқыту орталығы жұмыс жүргізуде және аталған орталықтарда 1600-ге жуық облыс тұрғыны мемлекеттік тілді үйренуде.