Жұмыспен қамтитын жобалар

Қысқаша

Жұмыспен қамтитын жобалар

Облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуда инвестициялық жобалардың алар орны ерекше. Әрбір жобаның жүзеге асырылуы жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді.

Screenshot_14.jpg

Бұл орайда Түркістан облысына бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Мысалы, «Бес қара» ЖШС-ы Сарыағаш ауданында 4 ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті. Құс етін дайындау және сою бекеті жобасының құны – 700 млн теңге, 25 адам жұмыспен қамтылады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде жаңа құрылғылар сынақтан өткізіп жатыр. Ал ірі қара мал үшін бордақылау алаңын 2500 басқа кеңейту жобасы биыл күзде жүзеге асады. Жоба бойынша жер анықталып, құрылысы басталған. Аталған инвестор мұнымен тоқтамай, 20 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңын да салмақ. Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба 2024 жылға қарай жүзеге асады. Сонымен бірге «Бес қара» ЖШС-ы арнайы мал сою бекетін ашып, етті шетелге экспорттамақ. Бәйдібек ауданында мырыш өндіру және байыту жобасын бірлесіп іске асыру үшін «United gold» ЖШС-ы Түркияның «Teksan Madencilik» компаниясымен келісімге келген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен жоба бастамашысы арасында «Бесағаш-1» кен орнын барлауға келісімшарт бар. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге. Жүзеге асса, 200 адам жұмыспен қамтылады. Ал «Ernur» ЖШС-ы жұмыртқа, тауарлық құс еті және шұжық өнімдерін өндіретін құс фабрикасын салу үшін Бәйдібек ауданында жер учаскелері қарастырылуда. 2023-2026 жылдары аралығында жүзеге асатын жобаның құны – 15 млрд теңге, 50 адам жұмыспен қамтылмақ. Жобаны іске асыру үшін 40 гектар жер мен электр қуаты қажет. «SIPtechnology» ЖШС-ы Түркістан қаласындағы Арнайы экономикалық аймақта коттедж қалашығын салуға ниетті. Отырар ауданында жүгеріні терең өңдеп, биоэтанол шығару жобасы жүзеге асырылмақ. «Otyrar Bio Tech» ЖШС атқаратын жүгеріні терең өңдеу жобасының құны – 72 млрд теңге. 2025 жылға қарай ашылатын зауытта 154 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ал Сайрам ауданында «Capable group» Мүгедектер қоғамы» жылына 100 млн дана жөргек шығаратын цехын іске қосқан. Қазіргі уақытта, жобаның бастамашысы қосымша 3 өндіріс желісін іске қосумен өндірістік қуаттылықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл ретте, жобаның бастамашысы 3 млрд теңгеге жабдық сатып алу мәселесі бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыруға қатысты келіссөздер бастаған. Жалпы құны – 8 млрд тенге. Жобаның жылдық қуаты – 350 млн дана. «Ет Агро Манкент» компаниясы Сайрам ауданынан 5000 басқа арналған бордақылау алаңын, етті терең өңдеу кешенін, сою бекетін салмақ. Жоба жүзеге асырылғанда 100 жұмыс орны ашылады.