​Ауыл шаруашылығында өңделген өнім экспортының көлемі артты

Қысқаша

​Ауыл шаруашылығында өңделген өнім экспортының көлемі артты

Түркістан облысы тұрғындарының басым бөлігі ауылдарда тұрады. Сондықтан өңір экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Былтыр бұл салада өнім көлемі 729,7 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Диқандар мен малшылардың ерен еңбегінің нәтижесінде облыс республикада 3-орынға шықты. Ал 2018 жылы 544,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын.

image.png

Ауыл шаруашылығында өңделген өнім экспорттың көлемі 105,1 млн. АҚШ долларына жетіп, 47,6%-ға артты. Оның ішінде Түркістан облысы ірі қара мал етін экспорттау бойынша елімізде 1-орында тұр. Егіс көлемі 847,9 мың гектар аумаққа артып, өткен жылдан 19 мың гектарға молайды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды еліміздегі жетекші агроаймаққа және экспорттаушы өңірге айналдыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытында нақты мақсаттар қойып, игі істерге бастамашы болып келеді. Бірінші бағыт бойынша Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін құны 46,7 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Шаға ауылдық округінде 29 бірлік АҚШ, Австралия технологияларымен 1 355 гектар жаңбырлатып суғару машинасы орнатылды. Екінші бағыт бойынша «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынып, биыл 128 ауыл округінде 5,2 мың гектарға 1 999 жоба іске асырылып, 262,5 мың тонна өнім алынды. Ал, үшінші бағыт бойынша үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылды, әр отбасы 850,0 мың теңгеден табыс тапты. Жылыжайлар көлемі 132 гектарға ұлғайып, 1246 гектарға жетті.

    A+
Уақыты: 2021-10-03  Айдарша: Өңір
TAG: