«Күй анасын» еске алды

Қысқаша

Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалып көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.

Screenshot_8.png

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығында 1 қазан – Халықаралық музыка күніне орай  күйші-композитор, Қазақ КСР Халық әртісі, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Күй анасы-Дина»  атты әдеби-сазды кеші өтті. 

Кеш «Домбырашы қыз» деректі фильмнен басталды. Іс-шараның арнайы қонағы ұстаз-домбырашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалмахан Омар қатысты. "Күй – аманат арқалаушы. Қасиетті домбыраны сөйлете білген күйші жақсы хабарды да, жаманат хабарды да естірте біледі. Сондықтан күйдің бойында қаныңды қыздыратын қиқу да, мысыңды басатын сес те, мықтылығыңды сезіндіретін айбар да болатыны анық. Осы құдіреттің бəрі Дина анамыздың күйлерінде бар. Дина – ауыл қыздарынан шыққан тұңғыш дəулескер, күйші-композитор. Ол – тек қазаққа ғана емес, дүйім түркі əлеміне жəне бүкіл адамзатқа өшпес те қайталанбас күй өнерімен танылған алып тұлға. Оның рухани мұрасы жалғасын таба беруіне бəріміз де атсалыса берейік",- деді сөз алған домбырашы.

Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің өнерлі, талантты жастары Динаның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» атты күйлерін шертіп, Құрманғазының әлемге әйгілі үздік туындыларын орындады. Кітапхана оқырмандары М.Хакімжанованың «Ана сыры» Дина Нұрпейісоваға арнауынан әдеби-композициясын ұсынды. Сонымен қатар, халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі- дәстүрлі халық әндері орындалып көпшілік бір серпіліп, кештен рухани азық алып тарқасты.


    A+
Уақыты: 2021-10-09  Айдарша: Өңір
TAG: