Креативті индустрияны дамыту туризмге серпін бермек

Қысқаша

Шымкент қаласында 100-ге жуық тойхана, 95 продюсерлік орталық, 50 залды безендіру қызметі, 70 үйлену салоны, жалпы, креативті индустрияға жататын 500-ден астам ұйым бар.

Screenshot_11.png

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласында бұл сектордың дамуын үйлестіру функциясы қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасына жүктелді. Бұл – орынды шешім. Өйткені, креативті индустрияның ішіндегі ең маңызды әрі елеулі сектор туризм екені талассыз.

Жалпы, креативті индустрия деген ұғымның аясы өте кең. Ол шоу-бизнес, кино, эстрада, анимация, көркемсурет, қолөнер, ІТ-жобалар, креативті архитектура мен туризм және өзге де көптеген бағыттарды қамтиды. Еліміздің Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы экономикалық зерттеулер институтының мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда экономиканың креативті секторының жалпыұлттық ішкі өнімдегі үлесі 2-3 пайызды құрайды. Егер ауыл шаруашылығы сияқты ауқымды саланың ЖІӨ-дегі үлесі 5 пайыздың төңірегінде екенін ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш. Әрі Шымкент республикадағы креативті индустрияны дамыту әлеуеті жоғары негізгі үш қаланың біреуі.

Шымкент қаласында 100-ге жуық тойхана, 95 продюсерлік орталық, 50 залды безендіру қызметі, 70 үйлену салоны, жалпы, креативті индустрияға жататын 500-ден астам ұйым бар. Яғни, Шымкентте бұл салада 13 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Мемлекет экономиканың креативті секторын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетсе, бұл саланың көрсеткіштері едәуір жақсаруы мүмкін.


    A+
Уақыты: 2021-10-09  Айдарша: Өңір
TAG: