Таяуда Республикалық «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы 2200 жылдық тарихы бар Шым шахардың киелі жерлеріне зиярат жасап қайтқан болатын. Экспедиция құрамында белгілі журналистер, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары, тарихшы-ғалым, этнограф, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсе және БАҚ өкілдері бар.
“Qazaqstan” телеарнасының тілшісі Сағыныш Ертай жұмыс сапарында алған әсерімен бөлісіп, үшіінші мегаполистің болашағына үлкен сенім білдірді.
"Осы сапарда біз Шымкент қаласында туризмнің және өмірлік бизнестің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Өте керемет әсер алдық десек болады. “Visit Shymkent” орталығында да болдық. Ол жерде 3D көзілдіріктің өзі бірге керемет әсер сыйлады. Шымкенттің тарихы жайында өте керемет баяндаған. Және қаланың символы санаталтын қызғалдақтың барлық туристік маршруттары жайындағы баяндауы және 3D форматта тағы басқа кітапшаның болуы бұл туризмнің алға қойылғанын көрсететін секілді. Осындай құрылғылар, жаңа технологиялар өзге де өңірлерде, қалаларда қолданылса жақсы бастама болар еді",- деген экспедиция мүшесі Шымқалаға алдағы уақытта қайта келгісі келетінін жасырмады.
Ия, қала қонақтарының мұндай жылы лебіздері қалада туризм саласының дамып, қонақжайлылықтың жоғары деңгейде қолға алынып отырғандығының дәлелі болса керек.