Сарыағашта еріктілердің қатары артып келеді

Қысқаша

Сарыағашта еріктілердің қатары артып келеді

30.jpg

Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округінде ауыл жастарына волонтерлік түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің қатысуымен еріктілер клубын ашу мақсатында ашық есік күні өтті.

Шара барысында жастар еріктілер қатарына қосылып, арнайы анкеталар толтырды. Сондай-ақ, тіркелген жастарға еріктілердің басым бағыттары таныстылып, арнайы тренингтер ұйымдастырылып, командалық ойындар ойнатылды. 

Ерікті болуға ниетті жастардың қатары артып, 60-қа жуық жас ашық есік күніне қатысты.

Еріктілік немесе  волонтерлік - бұл ақшалай сыйақыларды талап етпестен көпшіліктің мүддесі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын өзара көмек пен өзін-өзі қорғаудың дәстүрлі формалары, қаражат жинау, қызметтерді ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа нысандары. Қайырымдылық ұйымдарының қызметі көптеген еріктілердің қолдауына мұқтаж. Волонтерлік қызметті ұйымдастыру үшін, бір жағынан, қайырымдылық ұйымдарында ерікті бос жұмыс орындары құрылады, екінші жағынан, көмекші ұйымдар шеңбері және қайырымдылық қызметіне қатысушылардың ерікті корпусы құрылады, олар мұқтаж жандардың мүдделері үшін тегін еңбекке қатысуға келіседі. 

 Еріктілік идеясы Қазақстанда 1993 жылдан бастап, БҰҰ еріктілер бағдарламасы пайда болғаннан бастап дами бастады. Елімізде еріктіліктің ауқымы артып келеді, көптеген тәуелсіз волонтерлық бастамалар мен топтар, сондай-ақ өз бастамасы бойынша шетелдік тәжірибе жинақтаған еріктілер жұмыс істейді. 


    A+
Уақыты: 2021-10-08  Айдарша: Өңір
TAG: