Сарыағаш ауданында коронавирусқа қарсы вакцина салу шаралары аяқталуға жақын.
Мәселен «Көктөбеде» де екпе қабылдауы тиіс 11 мың бір жүз адамның барлығы вакцинаның бірінші компонентін салдырыпты. Көп ұзамай екінші компонентін салу жұмыстары да аяқталмақ екен. Соның әсері болса керек, былтырға қарағанда ковид және пневмония аурушаңдықтары екі есеге азайған. Өткен жылы аудандық аурухананың инфекциялық бөлімінде Дербісек, Жемісті ауыл округтерінің 80 адамы жатып емделсе, биыл 44 тұрғын ауырған.
– Вакцина салу жұмыстарында аудан әкімдігі тарапынан көмек көп болды. Олар бірінші кезекте бізді – дәрігерлерді көлікпен қамтамасыз етті. Жүріп-тұруымызда қиындық туындаған жоқ. Екіншіден, күнде таңертең және түс қайта дауысзорайтқышпен ауылдарды аралап, жұртты жаппай вакцина алуға шақырды. Бізбен бірге барып, тұрғындарға түсіндірді. Сосын ауыл ақсақалдарының да көп көмегі тиді. Әр ақсақал өзінің көшесіндегі көршілерін, жерлестерін «вакцина алмасаң та тыңда айтқанын» деп бізге жіберіп отырды. Түсіндірулерден кейін тұрғындар мәжбүрлемей-ақ сақтық үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында салдыра бастады. Бір күнде 500-600 вакцина салған кезіміз де болды. Ондай ұйымшылдықты көзбен көргенім болмаса, сөзбен айтып жеткізе алмаймын, – дейді аталған еңмдеу мекемесінің меңгерушісі Балжан Есенбекова.