Хоббиін бизнеска айналдырды

Қысқаша

Фатима Байтамаеваны қанаттандырған мемлекеттік грантқа қол жеткізуі болды. "Бизнес жобамды қорғаған соң 200 АЕК грант ұтып алдым. Ол қаражатқа қажетті құрыл-жабдық, аппараттар сатып алдым

Screenshot_17.png

Үшінші мегаполис тек туристер үшін қолайлы шаһар емес. Шымқала кәсіпкерлер үшін де қолайлы мекен. Мұнда бизнеу бастаушыларға бағыт-бағдар беріліп, мемелкет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп келеді. 

  Кәсіпкерлік саласына жасалынып отырған қамқорлықтың арқасында өз кәсібін ашқан жанның бірі Фатима Байтамаева. Қала тұрғыны бизнесін 2019 жылы бастаған. Мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан ол өз хоббиін кәсіпке айналдыра білді.

"Мүгедектігіме байланысты алатын жәрдемақым көп емес. Сондықтан бір іс бастағым келді. Нақты шешімге келгесін қала әкімінің қабылдауына кіріп, өз ойымды жеткіздім. Нәтижесінде мені "Атамекен" ҰКП оқыту курсына жіберді. Анар Сәрсенова деген бизнес-тренерден тәлім алып шықтым. Оқу кезінде мен жеміс-жидектерді консервілеу бағытында цех ашамын деп шештім. Бұл  менің бұрыннан сүйікті ісім болатын. қазақта "көңіліңе жаққан іспен шұғылдан" деп берек айтпайды ғой. Қазір бұл шешіміме еш өкінген емеспін. Бизнесім бүгінде менің табыс көзіме айналды",- дейді кәсіпкер. 

Фатима Байтамаеваны қанаттандырған мемлекеттік грантқа қол жеткізуі болды. "Бизнес жобамды қорғаған соң 200 АЕК грант ұтып алдым. Ол қаражатқа қажетті құрыл-жабдық, аппараттар сатып алдым. Қазір бизнесім бір ізге түсті, табысым да жақсы. Тіпті карантинде кедергі болған жоқ. Жұмыспен қамту орталығы маған екі көмекші жіберді",- дейді ол. 


    A+
Уақыты: 2021-10-12  Айдарша: Өңір
TAG: