Қызғалдақты қала

Қысқаша

Мүсін аумағында «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» тақырыбын кеңінен 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) баяндап, түсіндіріп беретін арнайы QR-тақтайша қойылған. Яғни туристер қызғалдақ пен мүсіннің тарихына кез-келген уақытта қанық бола алады.

Screenshot_15.png

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екені айтылады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар болса, соның басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы» саналады. Сұлулық символы, әсемдік үлгісі – қызғалдақ пен Шымқала егіз ұғым. Мегаполис осынау нәзік гүлді өзінің логотипі ретінде таңдап алған. Сондықтан ішкі және сыртқы туризмін дамыту барысында негізгі бренд ретінде қолданылып келеді. 

Көзге де, көңілге де ыстық қызғалдақ «Қызғалдақты қаланың» Дендросаябағының қақ ортасында әдемі мүсінге айналып үлгерді. 2019 жылы Шымкент қалалық туризм басқармасының тапсырысы бойынша «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы қойылған болатын.

Композицияның идеясы қазақ дүниетанымымен яғни табиғат пен адамның тұтастығымен тығыз байланысты. Ежелгі аңыздарда, көктем келгенде Жер-ана оянып, барлық тірі жанға Ұлы даланың үздік гүлдерін сыйлайды деп айтылған. Бір шоқ дала қызғалдағын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ инсталяция адам мен табиғаттың бірлігін, ал әсем гүлдер тарихи тұрғыдан қызғалдақтар алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын меңзейді. 

Мүсін аумағында «Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» тақырыбын кеңінен 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) баяндап, түсіндіріп беретін арнайы QR-тақтайша қойылған. Яғни туристер қызғалдақ пен мүсіннің тарихына кез-келген уақытта қанық бола алады. 

«Қызғалдақ – Оңтүстіктің мұрасы» инсталяциясы аумағында 2019 жылы бірнеше қызғалдақтың түрінен 2000-ға жуық түп гүл отырғызылып, қазіргі таңда таңғажайып реңге енген гүлдер Дендросаябақ аумағының сәнін кіргізуде.

Туризм басқармасы тарапынан жыл сайын шығарылып отырған жарнамалық-ақпараттық материалдарда (бүктемелер, кітапшалар, сувенирлік бұйымдар) қала логотипі міндетті түрде бейнеленсе, қазіргі таңда қызғалдақ гүлінің киізден әзірленген сувенирлік нұсқасы да шығарылған.

Аталған танымдық материалдар мен сувенирлік бұйымдар қазақстандық және халықаралық туристік іс-шараларда таныстырылып келеді.


    A+
Уақыты: 2021-10-12  Айдарша: Өңір
TAG: