Alpha Білім Академиясы Шымкент қаласының мектеп директорларына арналған нетворкинг өткізді. Аталған іс-шараға мегополистегі 20-ға жуық оқу ордасының басшылары қатысты.
Мұнда Post-COVID-19 заманының мектеп-басшысы – болашақ өзгерістерге бейімделуге 4 қадаммен таныстырды. Олар: мектеп директоры – мектеп белсенділігі: Мектеп басқарудың жаңа құралдары; Шымкент қаласында оқушыларға арналған клубтар (Мектеп оқушыларының ораторлық қабілетін дамыта отырып, креативті ойларын жүзеге асыруға бағытталған – Пікірсайыс);заманауи мектеп дизайны. Коворкинг, кітапхана және білім алуға креативті орта қалыптастыру және әлеуметтік желілердегі және қоғамда белсенді мектеп директоры (Instagram/Tiktok/Telegram/Youtube контент құру).
Өздеріңізге белгілі, «Атамекен» ҚР ҰКП 2018 жылдан бастап «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін пилоттық жобада жүргізген болатын. Қазіргі таңда 4000 - нан астам мектептің 5171 мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырып, 100 мыңға жуық 10 және 11 сынып оқушыларын қамтыды.
Осыған орай, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ары қарай дамыту мақсатында Alpha Білім Академиясы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 9-10-11 сынып оқушыларына арналған «Business Leadership Club» кәсіпкерлік негіздері жобасын бастады. Жобаға 100 мектеп оқушыларын оқу жылының аяғына дейін қатыстыру жоспарлануда дейді мамандар. Жоба барысында оқушыларға кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту; жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру;тбизнес-кейстерді шешу;ттабысты кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру;тағылшын тілін үйрену / білу және деңгейін арттыру тестін тапсыру; бизнестің жаңа терминдерін меңгеру ұсынылады.