Шымқала туристердің ағынын еркін қабылдай алады

Қысқаша

Үшінші мегаполистің туристік маңызы өте үлкен: бұл Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын торап. Инфрақұрылымы дамыған ірі қала.

Screenshot_16.png

Шымқала тек қызғалдағымен ғана көз тартатын шаһар емес. Үшінші мегаполистің туристік маңызы өте үлкен: бұл Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын торап. Инфрақұрылымы дамыған ірі қала.

Шымкент қаласында туризмнің дамуына ықпал ететін факторлар көп. Мәселен, жылына 300 күн жылы ауа-райы, табиғи-климаттық аймақтардың алуан түрлілігі, Ұлы Жібек жолы бағытындағы ірі тарихи қалалардың (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жанында сәтті орналасуы осының дәлелі.

Мегаполис өзінің бәсекеге қабілетті осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оңтүстік өңіріндегі туристік орталыққа айналып келеді. Бұлай деуімізге себеп, қала туристердің ағынын еркін қабылдай алады. Келушілерді туристік өнімдер туралы хабардар етіп, әрі қарай оларға жүру бағыттарын айқындап береді. Яғни, қаланың туристік қызметтер ұсынуға әлеуеті әбден жетеді. Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Шымшаһарда 116 қонақ үй, 10 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 18 аквапарк және 6 табиғи су қоймасы орналасқан.

Шымкент қаласының туризм басқармасы қаланың туризмін дамыту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді. Қаланың 20 туристік көрікті орындарында 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ақпарат беретін QR-тақтайшалар орнатылды және IZI travel халықаралық туристік платформасында 3 тілде 32 нысанның аудиогиді әзірленген.

2GIS мобильдік қосымшасында туристік нысандар мен қалалық бағыттар туралы ақпарат орналастырылған. Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма тарапынан «Шымкент қаласында 24 сағат», «Тарих ізімен», «Шымкент балаларға» тақырыптарында 60 мың бүктеме, 77 мыңнан астам туристік карта, «Шымкент қаласындағы үлкен экскурсия» атты 350 кітап шығарылған. Бұл материалдар қаланың туристік индустрия объектілерінде (қонақ үйлер, СОО, әуежай) орналастырылған және басқармамен жаңартылып отырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын өңірдің туристік нысандарымен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде Visit_shymkent_kz ресми туристік парақшасы іске қосылған. Әлеуметтік желіде 7 000-нан астам оқырманы бар және қаланың туристік көрікті жерлері, тарихи орындары мен қалада өткізілетін мерекелік іс-шаралар туралы үнемі хабардар етіліп тұрады.


    A+
Уақыты: 2021-10-12  Айдарша: Өңір
TAG: