Әл-Фарабиді Қазақ еліне қайтарған Ақжан Машани

Қысқаша

Ғылыми жиынды кітапхананың директоры міндетін атқарушы Г.Б.Алпысбаева қорытындылап, кітапхана қорында сақталған Машани еңбектеріне шолу жасады. Ғылыми конференция бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім Zoom форматында, ал екінші бөлім дәстүрлі оф

Screenshot_9.png

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтер кезеңде «Жалпы осы тұлғаны туған топырағымен қайта қауыштырған кім? Оның зиратын кім іздеп тауып, ғылым әлеміне кім жариялады? Ғұлама мұрасын Қазақстанда зерттелуіне кім мұрындық болды?» деген сұрақтарға жауап іздеген орынды. Ол тұлға әлбетте – Ақжан Жақсыбекұлы Машани  дер едік.

Осы ретте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғалым, көрнекті ұстаз Ақжан Әл-Машанидың 115 жылдығына орай «Ақжан Әл-Машани мұралары: зерттеу мен зерделеу мәселелері» тақырыбында өтетін республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференция жұмысында «Әл-Фарабиді танытудағы Ақжан әл-Машанидің таңдамалы еңбектері», «Ақжан әл-Машани және ұлттық тарихи таным», «Ғұлама ғалым Әл-Фараби мұрасын түпнұсқадан аудару мәселелері» атты бағыттар бойынша ғылыми баяндамалар жасалды.

Аталмыш іс-шарада машанитанушы, тұлғатанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры  Г.С. Жүгенбаева, исламтанушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің PhD докторанты, Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ж.Хумархан, зиялы қауым өкілдерінен фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, балалар жазушысы Д.Танабаев, руханият жанашыры А.Төлепбеков, «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби» музейінің қызметкері Ж.Әбжаппар, М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдарынан тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өткір Әлиұлы, философия магистрі Нұрсұлтан Дүйсен, сондай-ақ, ғылыми ізденуші жастар қатысып, Ақжан әл-Машани өмірі мен мұрасына арналған баяндамаларын оқыды. Конференцияда модератор міндетін ғалым хатшы, тарих ғылымының магистрі А.Оралова атқарды.

Ғылыми жиынды кітапхананың директоры міндетін атқарушы Г.Б.Алпысбаева қорытындылап, кітапхана қорында сақталған Машани еңбектеріне шолу жасады.  Ғылыми конференция бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім Zoom форматында, ал екінші бөлім дәстүрлі офлайн форматта өтті.


    A+
Уақыты: 2021-10-09  Айдарша: Өңір
TAG: