Құрылыс жөндеу жұмыстары қарқын алды

Қысқаша

Құрылыс жөндеу жұмыстары қарқын алды

3 жыл көлемінде Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жол, ауыз су, газ, сапалы электр энергиясымен қамту іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, ауылдардың еңсесі көтеріліп қалды.

image.png

2018 жылы бюджеттен 26,8 млрд. теңге қаралып, нәтижесінде 1434,4 шақырым жол мен көше немесе 432 нысан (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 411 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. 2019 жылы 719 нысан немесе 1738,4 шақырым жол, көше жөнделген. 2020 жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 54,8 млрд. теңге қаралып, 1974,8 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 1525,4 шақырымы пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-дан 79%-ға дейін артты.

Былтыр ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1 пайызға жеткен. Өңірде 690 елді мекендегі 1 885,5 мың адам ауыз сумен қамтылған. Әлі де таза суға қол жеткізе алмай отырған ауылдар жоқ емес. Биыл 20 елді мекенді жаңа ауыз су жүйелерімен қамту, 14 елді мекеннің су құбырларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

    A+
Уақыты: 2021-10-02  Айдарша: Өңір
TAG: