Үгіт-насихат парақшалары таратылды

Қысқаша

Еліміздің өркендеп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі тек адал және сатылмайтын азаматтардың қолында. Бұл аксиома.

14.jpgЕліміздің өркендеп, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі тек  адал және сатылмайтын азаматтардың қолында. Бұл аксиома. Төлеби  аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырып аясында тұрғындар көп жиналатын орындарда арнайы үгіт насихат парақшалары таратылды. 

Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында тоғызыншы міндет ретінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» көрсетілген. Бұл міндетті қоғам болып жұмылып қолға алған кезде ғана орындаймыз. Ол үшін әрбір азамат қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа ешқандай да бір төзбеушілік танытуы тиіс. Сол кезде осы басталған істен нәтиже көрінеді.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және қоғамның барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту болып табылады. Мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрмақшы. Ол үшін жоспар да жасалды.