Кәсіпкерлер қайырымдылық шараларына қатысуда

Қысқаша

Кәсіпкерлер қайырымдылық шараларына қатысуда



Келес ауданында 4 отбасы баспаналы болды. Бұрынғы әкімдік ғимараты тұрғын үйге арналып жөндеуден өткізілді. Ол үйлердің кілті аудан әкімі, ауыл ақсақалдарының ұсынымымен ауылдық округі аумағында тұратын тұрмыс деңгейі төмен деп танылған 4 отбасыға табыс етілді. Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков отбасыларға баспана кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сондай-ақ Келес ауданы әкімі атынан төрт отбасыға күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті техникалар тарту етілді.

image.png

Жаңа баспананың иелері аудан басшыларына алғыстарын айтып, табыс тіледі.

Ал, Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Марат Тәттібаев Қошқарата елді мекеніндегі Борлысай жалпы орта мектебінде оқитын көпбалалы және

тұрмыс жағдайы төмен 40 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдары мен пәндік кітаптарды сыйға тартты. Ұйымдастырушысы – Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қоры. Борлысай ауылдық округінде дүниеге келіп, қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын жеке кәсіпкер Марат Тәттібаев өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасауды дәстүрге айналдырған.

Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азаматқа жерлестерінің алғысы шексіз.

    A+
Уақыты: 2021-10-01  Айдарша: Өңір
TAG: