Еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар, жаңарған Түркістанның дамуына үлес қосып жатыр

Қысқаша

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар, жаңарған Түркістанның дамуына үлес қосып жатыр



Мемлекет тарапынан Түркістан облысына, Түркістан қаласына ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде шаһар 3 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті, 16 өңірдің әкімдері мен жауапты өкілдері Түркістанда болып, өздеріне бекітілген нысандардың құрылысын бақылады. Қасиетті шаһардың кемелденуіне аянбай еңбек сіңірді. Еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, жаңарған Түркістанның дамуына үлес қосып жатыр.

image.png

«Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасына» және «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» ел үкіметінің қаулысына сәйкес, 3 жылда Түркістан қаласында 257 нысан пайдалануға берілді. Солардың ең ірі әрі ауқымдыларына тоқталайық. 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Ал, рухани-мәдени орталығында 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бәрі пайдалануға берілді. Олар: Шығыс моншасы (Қызылорда облысы), Әуенді субұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы), Неке сарайы (Қостанай облысы), Амфитеатр (Маңғыстау облысы), Қабылдау орталығы (Жамбыл облысы), Қ.А.Ясауи мұражайы (Самұрық-Қазына), «Ұлы Дала Елі» орталығы (Атырау облысы), Драма театр (Ақтөбе облысы), «Farab» кітапханасы (Шымкент қаласы).

    A+
Уақыты: 2021-09-30  Айдарша: Өңір
TAG: