3 жылда Түркістан қаласында 257 нысан пайдалануға берілді.

Қысқаша

3 жылда Түркістан қаласында 257 нысан пайдалануға берілді.



«Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасына» және «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» ел үкіметінің қаулысына сәйкес, 3 жылда Түркістан қаласында 257 нысан пайдалануға берілді. Солардың ең ірі әрі ауқымдыларына тоқталайық. 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Олар: Әкімшілік ғимараты, Басқармалар үйі, Департаменттер үйі, Нұр-Сұлтан алаңы (Астана қаласы), «Конгресс-холл» орталығы (Самұрық-Қазына), «Алатау» медиа-орталығы (Алматы қаласы), Оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына), 7000 орындық стадион (Самұрық-Қазына), Бассейні бар спорт кешені (Petroleum Operating), Олимпиадалық резерв мектебі (Солтүстік Қазақстан облысы), Халыққа қызмет көрсету орталығы (Павлодар облысы), Музыкалық мектеп (Батыс Қазақстан облысы), Қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды), Цифрлық кеңсе (Самұрық-Қазына).

image.png

Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылып, оның 91,2 шақырымы іске қосылған.

Ал, рухани-мәдени орталығында 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бәрі пайдалануға берілді. Олар: Шығыс моншасы (Қызылорда облысы), Әуенді субұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы), Неке сарайы (Қостанай облысы), Амфитеатр (Маңғыстау облысы), Қабылдау орталығы (Жамбыл облысы), Қ.А.Ясауи мұражайы (Самұрық-Қазына), «Ұлы Дала Елі» орталығы (Атырау облысы), Драма театр (Ақтөбе облысы), «Farab» кітапханасы (Шымкент қаласы).

Мәдени — рухани орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға 41,1 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылған.

Түркістан үлкен аглоремацияға айналуы бек мүмкін. Ал дамыған қала болу үшін тұрғындарды баспанамен қамту өзекті. Былтыр әкімшілік іскерлік орталығында 28 үйдің құрылысы аяқталып, 1150 пәтер пайдалануға берілген. Жалпы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында ауданы 465,3 мың шаршы метр болатын 9052 пәтерлі 177 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

    A+
Уақыты: 2021-09-29  Айдарша: Өңір
TAG: