Инвестиция, өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын ашу бойынша Түркістан облысында ілгерібасушылық байқалады.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 141 мыңнан асып, соңғы 2,5 жылда олардың саны 11 мыңға өскен. Осы салада 217,2 мың адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға артты. Бұл секторда 823,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 3,1%-ға (өсім бойынша республикада 8 орын) ұлғайды. Басты көрсеткіш шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 21,3%-ды құрап, (2020 ж.) Стратегиялық картада міндеттелген индикатор көрсеткіші толығымен орындалды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд. теңгені құрайтын 287 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылған. Бағдарламаны жүзеге асыруда өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 23%-ға ұлғайып, 2,9 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде 400-ге жуық кәсіпорын қаржыландырылды. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, былтыр кәсіпкерлерге 33 мыңнан астам қызмет түрлерін көрсеткен. Осы арқылы тіркелген мыңнан астам бизнес жоспардың 78 пайызына (868 бизнес-жоспар) қаржыландырылғанша көмек берілген.