Облысқа тартылған инвестиция үш жылда үлкен көрсеткішке жетті

Қысқаша

Облысқа тартылған инвестиция үш жылда үлкен көрсеткішке жетті



2018 жылы Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 288,1 млрд. теңгені құраса, 2019 жылы ол 441,2 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты. Ал 2020 жылы облысқа 703,3 млрд.теңге инвестиция бағытталып, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артты.

image.png

Инвестициялардың өсу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада 1 орынға шықты. Оның ішінде сыртқы инвестициялар 112,4 млрд. теңгеге жетіп, үлесі 16%-ды құрады. 2020 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 154,0 млрд. теңгеге 37 инвестициялық жоба іске асырылып, 3800 жаңа жұмыс орны ашылған.

Жобалардың ең ірілеріне тоқталсақ, «KZT Solar» (HEVEL Kazakhstan) ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы жүргізілді. Оның құны – 31,2 млрд. Сонымен бірге құны 19 млрд. теңгелік «ЮКСЭС 50» ЖШС-нің күн электр станциясы мен «Ecoinvest» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылы-жай кешенінің І кезеңі қолға алынған. «Turkistan Textile» БК» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы және «АБН Альянс» ЖШС-нің пластикалық құбырларды өндіру кәсіпорындары да ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.

Индустрияландыру картасы аясында 2020 жылы 1190,2 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылып, 212 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, сым бұйымдарын өндіретін «Kaztor LTD» ЖШС арқылы 67 адам, асфальтобетон, тауарлық бетон және темір бетон бұйымдарын өндіретін «SOUTH ALUPLAST» ЖШС ашылып, 56 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге көпфункциялы POS-терминалдарды құрастыратын «Нұрлы НазАй» ЖШС, асфальтке қажетті бетон өндіретін «Алем Бетон — 1» ЖШС, «MAKS BETON» ЖШС, «ATS Group LTD» ЖШС де іске қосылып, өңір экономикасына үлес қоса бастады.

    A+
Уақыты: 2021-09-25  Айдарша: Өңір
TAG: