«Жайлы мектеп» үш ауысым мәселесін шешеді

Қысқаша

«Жайлы мектеп» үш ауысым мәселесін шешеді

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» - деген болатын. 

image.png

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуды және жүзеге асыруды Президент  2022 жылдың қыркүйегінде тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін атап өтті. «Жайлы мектеп» елдегі апатты және үш аусымды мектеп мәселесін шешуге бағытталған.  Жалпы жобаны жүзеге асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді. Президентті ңтапсмырмасы бойынша жасалған ұлттық жобаға сай Шымкентте 18 «Жайлы мектеп» салынады. Оның алғашқы екеуі шәкірттерге есігін айқара ашты.  

Республика күн қарсаңында алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуы өткен болатын. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. 

Нұршуақ шағын ауданында орналасқан №140 жалпы орта білім беру мектебі толық жаңа технологиялармен жабдықталып, сонымен бірге ұстаздар қауымы мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. Ата-аналарда жайлы мектеп жобасы аясынан шет қалмаған. Ата-аналар үшін, арнайы күту залы бар. Әр санаттағы оқушылар үшін жас деңгейіне сәйкес спорт зал, асхана, дәретхана, ойын және ас үй бөлмелері қарастырылған. Оқушылар үшін ыңғайлы кітапхана, шығармашылық дағдыны дамытуға көмектесетін мәжіліс залы да бар.

«Жайлы мектеп» жобасы тек ғимараттарды ғана салып қоймай, әр баланың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Ал оқуға ыңғайлы жағдайлар – бұл біздің еліміздің болашағына жасалған инвестиция.

Заманауи мектептерде бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылып, олардың дамуы мен оқуына қолайлы жағдай жасалған. Бұдан бөлек, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта ұйымдастырылып, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалары және робототехника сыныптарымен жабдықталған.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлініп, цифрлық бейнекамералар мен турникеттер орнатылған. Білім беру мекемесінде хореография залы, төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг аймақтары да бар. Мұнда балалар өзара еркін араласып, қызығушылықтарын дамыта алады.

Айта кетері, осы аптада қос мектепте шәкірттер білім алуды бастады. 

Шымкентте бұдан бақа да әлеуметітк нысандар ел игілігіне берілуде. Бәрі де тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, мегаполис инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. Соңғы жылдары Шымкентте  электр қуатына деген сұраныс артып келеді. Бұл өз кезегінде электр нысандарының құрылысын салуды қажет етеді. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 110/10 кВ кабельдік желімен жабдықталған, 36 МВт қуаты бар “Дендропарк” жаңа электр қосалқы станциясының іске қосылуына қатысты.

- Инвесторлардың қаражаты есебінен салынған қосалқы станция Абай және Әл-Фараби ауданында қарқынды дамып жатқан жаңа тұрғын аймақ пен коммерциялық нысандарды тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл шағынаудандарда көпқабатты үйлер, әлеуметтік және мәдени нысандар шоғырланған. Жалпы бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор, - деді қала әкімі.

Алғашқы кезеңде 5221 абонент электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 057 жеке және 164 заңды тұлға. Алдағы уақытта қала тұрғындары мен бизнес өкілдерінің сұранысына сай қосымша 7500-ден астам абонентті қосу мүмкіндігі бар.

Қосалқы станция стратегиялық және экологиялық қауіпсіздік бойынша барлық заманауи талаптарға сай келеді. Жобаны жүзеге асыру барысында озық технологиялар мен жабдықтар қолданылды.