«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»

Қысқаша

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»

«Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», - деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

image.png

Мемелекет басысының тапсырмасы бойынша жақында Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінде және Жол көлік колледж оқу орталығында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» акциясы аясында «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жандосова Баян Айтбекқызы және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Абдезов Нұржан Әлібекұлы қатысуымен кездесу өткізілді.

Келген спикерлер Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнан бастады. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.

«15 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заңға қол қойғанын білесіздер. Аталған заңның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа, адамдардың бір-біріне қатвгездік танытуына, қорлауына жол бермеу. Осы бақытта бірқатар нормалар қарастырылған. Мысалы, суцидтің алдын алу мақсатында өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаға буллинг және кибербуллинг жасағаны үшін 10 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілу мәселелері ұсынылды. Интернаттық ұйымдарда тұратын балалардың құқығы бойынша да бірқатар шаралар жасалмақ. Яғни, аталған интернаттық ұйымдарда тұратын балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар объектілерде ұстау жағдайларына (тамақтану, білім беру, сауықтыру, емдеу және т.б.) кедергісіз тексеру жүргізу жөніндегі нормалар көзделген. Осылайша, барлық үлгідегі және нысандағы балаларға арналған интернаттарда мемлекеттік бақылау алдын ала хабарланбай жүргізіледі. Сондай-ақ, депутаттар арнайы әлеуметтік қызметтерді және балаларға арналған білім беру және денсаулық сақтау қызметтерін тек лицензия негізінде көрсететін ұйымдардың көрсету стандарттарын ұсынады.

Және тағы бір маңызы мәселе отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша нормалар қабылданып жатыр. 

Сонымен қатар, «заңда балаларды отбасынан тартып алу мәселесіне байланысты бірде-бір норма жоқ екенін атап өту қажет. Әлеуметтік желілерде таралған отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты ақпараттың бәрі жалған. Мемлекеттің саясаты отбасын, баланы өз отбасында сақтауға бағытталған», - деді Баян Айтбекқызы. 

Сонымен қатар, спикерлер өзге де түзетулерге түсінік берді: неке және отбасы заңнамасының негіздерін жаңа қағидаттармен, мысалы, дәстүрлі отбасы құндылықтарын және басқаларды нығайту және насихаттау, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың неке және отбасы институтын нығайту жөніндегі құзыретін кеңейту; әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға (отбасына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру.

Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» – озық елге айналудың басты кілті екенін басты назарда ұстап өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, құмар ойын, ұрпақ тәрбиесі, жастарды адал еңбекке баулу, құқықтық мәдениет тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңы түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.